2022-ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨТЕДІ
2022-ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨТЕДІ
7 жыл бұрын 2536 muslim.kz/

2022 жылы Катарта өтетін футбол чемпионаты кезінде алкогольге айтарлықтай дәрежеде шектеу қойылады.

Алкогольді ішімдіктерді қоғамдық орындар мен қала көшелерінде ішуге болмайды. «Сондай-ақ, спиртті ішімдіктерді стадионда және оның айналасында сатуға, таратуға тыйым салынады. Чемпионат кезінде  Катар өзінің сан ғасырлық дәстүрі мен заңдарын аяқасты ете алмайды» деп атап өтті Катардағы Футбол чемпионаты-2022 ұйымдастыру комитеті бас хатшысы Хасан әл-Тауади.

Алдын ала хабар бойынша, алкогольге тыйым толықтай салынбайды. Жекелеген кейбір қонақүйлерде қолдануға рұқсат етілген. 

0 пікір
Мұрағат