Зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай тексеруге болады?
Зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай тексеруге болады?
5 жыл бұрын 5315 7kun.kz

БЖЗҚ-ның тұтынушылары өзінің жеке зейнетақы шотында қанша ақша жиналғанын біле бермейді. Бұл мәселеге мән бермейтіндер де, шоттағы қаражатты тексеруді қиын санайтындар да бар.  

Шындығында бұл туралы ақпарат алудың ешқандай да қиындығы жоқ. Жинақтағы қаражат сомасын білудің түрлі жолдары бар. 7kun зейнетақы қорындағы қаражатыңызды бақылаудың оңай әрі қолжетімді бірнеше тәсілін назарларыңызға ұсынады.

Мобильді қосымша

БЖЗҚ мобильді қосымшасы

Фото: Arnapress.kz

Қазір кез келген қызмет түрін смартфонның немесе компьютердің көмегімен оңай әрі жылдам алуға болады. Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары да өздерінің арнайы мобильді қосымшасын жасап шығарды. Оны Android, iOS және Windows Phone жүйелері бойынша смартфонға жүктеп алуға болады.  Осылайша, БЖЗҚ-дағы жеке кабинетіңізге кіріп немесе тіркеліп, өзіңіздің шотыңыз туралы әзірленген ақ­паратты мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар.

Пошта қызметі 

Электронды пошта

Фото: pngtree.com

Өз қаражатыңызды электронды пошта немесе мекен-жайыңыз бойынша хат арқылы бақылауға да болады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не­месе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша ақ­параттар ай сайын жіберіліп отырады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жіберуге де мүмкіндік бар.

Арнайы сайт

ÐÐÐÒ ÑайÑÑ

Фото: tenge-online.kz

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның Enpf.kz ресми сайтындағы жеке кабинетіңізге кіру арқылы жеке шотыңыз туралы барлық ақпаратты ала аласыз.

БЖЗҚ бөлімшесі

БЖЗҚ бөлімшесі

Фото: nb.kz

Жоғарыда аталған қызметтер қолжетімсіз болса немесе басқа да қосымша ақпарат алғыңыз келсе, тұрғылықты жердегі БЖЗҚ бөлімшесіне баруға болады. Барлық бөлімшелер жұмыс күндері 08:00-19:00 аралығында, сенюі күні 09:00-13:00 аралығында қызмет көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат