Зайсанда апорт алмасы өсіріледі
Зайсанда апорт алмасы өсіріледі
4 жыл бұрын 2456 ernur.kz

Алматылық алма алдағы он жыл ішінде жеміс береді, дейді.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында апорт алмасы өсіріледі, деп жазады Алтайньюс.

Бағбандық кәсіпті қолға алған Дәулеткелді Сәкібаев есімді аудан тұрғыны апорт егіуді жоспарлап отыр. Алматылық алма алдағы он жыл ішінде жеміс береді6 дейді.

Айтуынша, аудан әкімі Серік Ақтанов қолдау білдіріп, 10 гектар жер бөліп берген көрінеді. Шаруашылық көлемін ұлғайтуды ойлаған кәсіпкер облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, өтінішін айтты. – Енді 200 гектар жер берілсе. Алдын ала зерттеп көрдік. Еңбегіміз өз жемісін береді, – деді ол.

Дәулеткелді Ташкенұлының еңбекқорлығын жоғары бағалаған аймақ басшысы аудан әкіміне тапсырма берді. – Серік (Ақтанов), ерінбей еңбек етуге дайын адамға қашан да қолдау білдіру керек. Шаруаның жай-күйін зерттеп көр. Істің өнімділігіне көз жеткізген соң, қажет жерді бөліп бер, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін Даниал Ахметов жеке мәселелерін айта келген облыс тұрғындарын қабылдады.

0 пікір
Мұрағат