«Виртуальды бала бағушы» жұмыс істейді
«Виртуальды бала бағушы» жұмыс істейді
10 жыл бұрын 3338

Астаналық бағдарламашы Артем Штерннің айтуынша, бүгінгі таңда балалар ғаламтордың «тілін» жақсы меңгерген. Алайда, адал мен арамның аражігін ажырата алмайтындықтан «ниеті бұзық» сайттарға кіріп кетуі оңай. Сол себепті, ол «виртуальды бала бағушыны» ойлап тапты. Ата-ана тілек білдірсе, баланың ғаламтордан нені қарап отырғанын бақылауға болады. Мейлі ол қалта телефонындағы ғаламтор болсын, мейлі ол планшет болсын, компьютер болсын, ата-ана келіссе, хакерлік жолмен әбден қадағалауға болады екен. Әлеуметтік желідегі «бала бағушы» баланың қарап отырған материалын жауып (блоктап) тастай алмайды, алайда, ақылын айтып, дұрыс еместігін ұғындыруға тырысады.

0 пікір
Мұрағат