Ұлттық рейтинг бойынша Нұр-Мүбарак университеті алдыңғы топта
Ұлттық рейтинг бойынша Нұр-Мүбарак университеті алдыңғы топта
5 жыл бұрын 4693 muftyat.kz

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген еліміздегі жоғары оқу орындар арасында «Қазақстан Республикасының үздік-20 ЖОО бас рейтингі» жобасы бойынша бірнеше бағыттан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті өте жоғары нәтижелер көрсетті.

Қазақстандағы сұранысы жоғары ЖОО – 2019 ұлттық рейтингіне 87 жоғары білім ордасы қатысуға ниет білдіргенімен, оның 28-нің құжаттары кейін қайтарылған. Осылайша ұлттық рейтинг анықтауға 59 ЖОО: 8 ұлттық, 21 мемлекеттік, 10 акционерлік және 20 жеке оқу орындар қатысты.

Нұр-Мүбарак университеті гуманитарлық ғылымдар бойынша 4-ші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дан кейінгі орында.

Рейтингте Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 7 білім беру бағдарламалары қатысып, алтауы жүлделі орынға ие болды. «5В021500-Исламтану», «6D021500-Исламтану» және «6М020600 – Дінтану» бағыттары бойынша – 1 орында болса, 6М021500 – Исламтану», «5В020600 – Дінтану» және «6D020600-Дінтану» бағыттары екінші орынға ие болды.

Осылайша Нұр-Мүбарак университеті еліміздегі ең үздік 20 оқу орнының арасында алдыңғы қатарға көтерілді. Бұл жайлы 15 мамыр күні агенттіктің www.iaar.kz ресми сайты мен «Казахстанская правда» жалпыұлттық күнделікті басылымында жарияланды.

0 пікір
Мұрағат