Ұйқы дерті әлемге тарауы мүмкін бе?
Ұйқы дерті әлемге тарауы мүмкін бе?
2 жыл бұрын 872

Еліміздің Калачи ауылында пайда болған жұмбақ дерттің нақты себебі әлі нақтыланған жоқ. Біреу алай дейді, енді біреуі былай ейді, тағы бірі сол маңдағы экологиялық ахуалдан көреді т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен әлі түспей келе жатқан, сыры ашылмаған жұмбақ дерт күллі әлемге тарауы мүмкін бе? Бұл сауалға ресейлік профессор Леонид Рихванов: «Иә, мүмкін», - деп жауап берген. Бұл жайында "Newsweek" басылымы және inopressa.ru ақпарат көзі хабар таратты.

Аталмыш басылымда жарық көрген мақалада: "Калачи ауылының жүздеген тұрғыны шалдыққан сырқат жұқпалы болуы мүмкін», - деген. Өткен аптада аты белгілі болғанымен себебі жұмбақ күйінде қалып отырған ауру тағы бас көтерді. Бұл жағдай осымен тоғызыншы рет қайталанып отыр. «Сырқат тәуліктің кез келген уақытында ұйықтап қалады. Оларды бірнеше тәулік бойы ояту қиынға соғады. Ұйқыдан оянғанда есінде ештеңе қалмайды және ұйқы басып тұрғанын айтады. Ал, кейбіреулер сұмдық елестер көргенін тілге тиек еткен», - деп айтылған мақалада. 2013 жылдың наурыз айынан бері 150-ден аса адам осы сырқатқа шалдыққан. Томск политехникалық университетінің Геоэкология және геохимия кафедрасында жұмыс істейтін ғалымның пайымдауынша, бар бәле Калачи маңындағы уран кенінен бөлінген родонда жатыр. «Родон есірткілік заттар немесе анестезия секілді әсер етуі мүмкін», - деп жазыпты. Егер оның бұл сөзі расқа айналса, яғни, жұмбақ дерттің сыры өзі айтқан гипотезаға сай келсе, онда ауру таралуы әбден мүмкін.

0 пікір