Туды қор қылған сотта жауап бермек
Туды қор қылған сотта жауап бермек
2 жыл бұрын 1362 inform.kz

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік туды брезент ретінде қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

"Интернет бетінде жүк көлігіне брезент ретінде жабылған Мемлекеттік туға қатысты шыққан фотосуретке байланысты Алматы қалалық ІІД тексеру жүргізіп, сол көліктің жүргізушісін анықтады. Ол - Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны, 1988 жылы туған азамат болып шықты" делінген хабарламада.

"Бұл азамат сол жүк көлігімен бір құрылыс нысанынан қоқыс шығарғанын және оны алдында тауып алған Мемлекеттік тумен жапқанын айтқан. Алматы қаласының Медеу аудандық ІІБ учаскелік инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 354-1 бабында қаралған құқықбұзушылықтар, яғни Мемлекеттік туды қолдану тәртібін бұзғандық әрекеті бойынша әкімшілік өндірістік іс қозғады. 1x2 метрлік Мемлекеттік ту аталған азаматтың мекен-жайынан табылды", - деді Алматының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тиісті ведомствоның ақпараты бойынша, жоғарыда аталған бапта көрсетілген тәртіпке сәйкес, заң бұзушыға 200 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.

Таяу уақытта бұл азаматтың үстінен шешім шығару үшін іс Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына тартылады.

6 пікір
  • не деген қараңғылық..
    2 жыл бұрын
  • Bundailardy turmege uzak jylga kamau kerek!
    Bul adam oltiruden de jaman, memlekettin' (memlekettegi bar kundylyktardyn') olimine sebepker adam goi.
    2 жыл бұрын
  • Мына адамды атып тастау крек. Кеширим жок бундайларга.
    2 жыл бұрын
  • Жигиттер неге сонша айыптайсындар, мумкин билмей истеген шыгар бундай нарсеге ореси жетпей, бар гой ондай адамдар да катарымызда. Кунделикти тирлигин аткарып журген биреу болу керек, айел бала шагасын асырап, напака тауып дегендей. Бундайда сот жуйеси барлык жакты олшеп, таза моральдык тургыда келсе екен деген ойымыз бар. Арине тусинемиз, бирак сауаты жетпеуи де мумкин гой, не истейди енди ол? Каншама акша айыппул салып тастады
    2 жыл бұрын
    • Bauyryp sende aiypka buyirma, degenmen, ozinin' ishinde bir tuir sezim bolu kerek koi elim jerim degen, ol nemese baska ulttyn' azamaty, ondai bolsa ony rasynda atu jazasyna kesu kerek, birak men adamnyn' omirine kol suga almaimyn, tek Allah kana adamnyn' omirin ala alady.
      Birak baska ult bizdin' ultymyzga korlyk korsetse, namysyna tise jihad jarialauga bolady goi, yagni ogan jeke jaza beruge bolady. Eger men kate aitsam keshirim otinem, biluim osy.
      2 жыл бұрын
    • "таза моральдық тұрғы" деген не тұрғы ол???
      Мұнда нақты заң бұзушылық бар және сол әрекет үшін заң бойынша жауапкершілік бар.
      Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі.
      354-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
      Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан
      Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану
      және орындау тәртiбiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау -
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, - лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Енді біліп жүрер. Басқаларға сабақ болсын.
      2 жыл бұрын
Мұрағат