ТЕРРОРИСТЕРДІ ҚАМАЙТЫН АРНАЙЫ ТҮРМЕ САЛЫНУЫ МҮМКІН
ТЕРРОРИСТЕРДІ ҚАМАЙТЫН АРНАЙЫ ТҮРМЕ САЛЫНУЫ МҮМКІН
7 жыл бұрын 2658 BNews.kz

Депутаттар терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталғандарды қамайтын арнайы колониялар немесе түрме iшiнде жеке аймақ құруды ұсынып отыр. Мәжiлiсте өткен жалпы отырыста депутат Ирина Смирнова Үкiмет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдады осындай сауалды. 

«2014 жылы жаңа қылмыстық-атқару кодексiн қабылдау кезiнде Iшкi iстер министрлiгiнiң басшысы бiздiң әрiптестерiмiздi жуық арада жеке меншiк түрмелер пайда болады деп сендiрген. Бiрiншi осындай түрменi Қарағандыда жеке инвесторлардың есебiнен 25 млрд теңгеге салу жоспарланды. Бiрақ, әлi күнге дейiн елiмiзде бiрде-бiр жеке меншiк түрме жоқ. Мұндай жобаға инвестиция салуға ынталы кәсiпкерлер бар. Ал халықаралық тәжiрибе жеке меншiк түрмелердiң оң нәтижесiн көрсетiп отыр. Бұл тәжiрибе бюджетке түсетiн жүктi жеңiлдетедi» дейдi И.Смирнова.

Депутаттың айтуынша, бүгiнде сотталушылардың темiр тордың ар жағынан шыққаннан кейiн қоғамға қайта бейiмделуi аса өзектi түйткiл. Ал кейбiр экстремистiк ұйымдар мемлекеттiк құрылымдар сияқты емес, бұл мәселенi мықтап қолға алған.

«Олар өз адамдарына және түрмеден босап шығып, қатарына жаңа қосылғандарды жұмыспен қамтып, баспана бередi. Отбасын құруға көмектеседi. Яғни, бостандыққа шыққан сотталғандарға материалдық және психологиялық жәрдемдi мемлекет пен қоғам емес, экстремистiк топтар көрсетеді» дейдi депутат.

Қазiргi уақытта заңды түрде террористiк және экстремистiк қылмыс үшiн жаза мерзiмiн ұлғайту көзделiп отыр.

«Бұл түрмедегi әлеуеттi террористер мен экстремистер санының өсуiне әкелуi мүмкiн» деп қауiптенедi депутат.

«Осыған байланысты Қазақстанда терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталғандар үшiн арнайы колониялар немесе түрме iшiнде жеке аймақ құру мәселесiн тез арада шешу керек. Бұл радикалдық идеялар, әсiресе, жастар арасында кеңiнен тарамауы үшiн керек»деп түйiндедi сөзiн И.Смирнова.

0 пікір
Мұрағат