Теріс пиғылды сайттар жабылып, жаңа порталдар іске қосылуда
Теріс пиғылды сайттар жабылып, жаңа порталдар іске қосылуда
2 жыл бұрын 1170

Әлеуметтік ортада қозғаушы күшке айналған  бүгінгі интернет әлемін де заңмен жіті қадағалайтын уақыт жетті. Бұл ретте биыл 5 мыңнан аса интернет сайттары тексеріліп, оның 55-і дін туралы теріс ақпар таратқаны үшін жабылған. Бұл жайында Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин  мәлімдеді. Бұл жайында e-islam.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Құзырлы мекеме мамандары былтыр халықаралық 7 мыңнан астам интернет ресурсына мониторинг жүргізіп, көпшіліктің санасын сарсаңға салған 170 порталдың жымысқы әрекетін әшкерелеген. Ғалым Нұрмағамбетұлы бүгінде мұндай мазмұны маргиналды, діни экстремизмді насихаттайтын түрлі ақпарлардың жиі кездесетіндігін тілге тиек етті.

«Бұл бағытта Комитеттің жанынан құрылған арнайы орталық жүйелі жұмыстар жүргізуде. Әлеуметтік желілердегі ақпараттарды сараптап, арнайы шешім шығару үшін сотқа жолдап отырамыз. Сондай-ақ діни тұрақтылықты сақтап, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін сенімді сайттар, интернет порталдарын, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашудамыз. Олардың ішінде бүгінде қалың оқырманның назарына іліккен веб-сайттар жетерлік» дейді Комитет төрағасы.

Комитет басшысының мәлімдесінде белгілі болғандай, бүгінде үкімет тарапынан осы бағыттағы іргелі істермен қоса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты республика көлемінде 20-ға жуық діни сайттар да дін саласында тұрақты жұмыс жүргізуде. Аталмыш діни сайттардың бірқатары қайта жасақталып, мазмұны мен құрылымы өңделіп, ауқымы кеңейіп, ғаламтор кеңістігінде өз оқырманын қалыптастырып үлгерді. Бұл қатарда таяуда ғана қайта өңделіп,  іске қосылған «Mazhab.kz», «Maturudi.kz», «Taglym.kz» сайттарын атап өтуге болады.  

Дін істері комитетінің төрағасы өз сөзінде дін саласын біріздендіру мақсатында қолға алынған істерді белсенді түрде жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ  қоғамдық ұйымдарды көбірек тартудың да үлкен маңызға ие екенін де ескерте кетті.

1 пікір
  • Қандай діни сайттарға кіруге болады жазып жіберіңіздерші өтініш
    2 жыл бұрын
Мұрағат