Теміртауда екі радикалды терактіге дайындалғаны үшін айыптады
Теміртауда екі радикалды терактіге дайындалғаны үшін айыптады
2 жыл бұрын 892

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Теміртау қаласында терактіге дайындалған радикалды топтың екі мүшесін соттады. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Қырғызстан азаматы 11 жылға, ал Түркия азаматы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. «Айыпталушылар Теміртауда екі теракті жасамақ болды – ІІБ-ның шығыс полиция бөлімін жарып, Алматы-Астана трассасының бойындағы әскери бөлімнің қоймасын басып алмақ болды»,- деді сот кеңсесіндегілер. Айыпталушылардың бірі араб тілін жетік біледі, жақсы атады және жарылыс заттарын жасай алады. Ол бұларды Мысырдағы «Марказ» деп аталатын діни-экстремистік оқу ғимаратында үйренген. 2013 жылы Сирияның үкіметтік әскеріне қарсы «Жамағат Әбу Ханифа» содырлар тобында соғысқан. 2013 жылдың қыркүйек айында Теміртауға келген соң террорист радикалды Қырғызстан азаматымен танысып, жергілікті тұрғындарды содырлар қатарына шақырған. Айыпталушылардың бірі Теміртауда полиция бөліміне жанкешті белдігімен кірмек болғанын мойындаған. 

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМҒА 350-ДЕН АСА БАЛА ТАРТЫЛҒАН

«Диапазон» басылымының хабарлауынша өткен жылы, яяғни, 2014 жылы Ақтөбе облысында дәстүрлі емес діни ағымға 357 оқушы мен студент тартылған. «Балалардың дені Ақтөбе қаласынан және Мұғалжыр, Темір, Хромтау, Қобды аудандарынан. Оларға ата-аналары өздерінің діни көзқарасын таңып келген»,- деп мәлімдеді облыстық мәжілісінде білім беру басқармасының жетекшісі Жанат Самұратова. Аталмыш басылымның хабарына қарағанда 2013 жылғымен салыстырғанда Ақтөбе облысында экстремистік діни ағымға тартылғандар қарасы 7,2 пайызға артқан. 2014 жылы терроризмді насихаттағаны үшін төрт қылмыстық іс қозғалды, кінәлілердің барлығы сотталған. Айта кету керек, Ақтөбе облысындағы мешіттерде діннен хабары шамалы сауаты жоқ имамдар жұмыс істеп келгенін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары хабардар етті. Бұған ең алдымен бұл облыста білікті имамдардың жетіспеушілігі себеп болса, екінші жағынан, имамдарға төленетін жалақының аздығы да өз салқынын тигізген. Мәселен, ауыл имамдары 35 000 теңге алады, ал облыс орталығындағылар 40 000 теңге. Имамдар осыдан үш жыл бұрын ғана тұрақты жалақы алуға қол жеткізген. Оларға жалақы жинаалған садақадан беріліп келген. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 63 имам жұмыс істейді. Олардың тек 40-ның ғана арнайы жоғары білімі бар. Біліктілікті көтеру мақсатында оқу курстары ашы

0 пікір