Таразда жайнамазды теуіп, намаз үстіндегі балаларды қуған жаттықтырушы қызметінен қуылды (видео)
Таразда жайнамазды теуіп, намаз үстіндегі балаларды қуған жаттықтырушы қызметінен қуылды (видео)
6 жыл бұрын 5230

Намазға тұрған бірнеше баланы жаттықтырушысы күштеп алып кетті. Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жаға ұстатты» тобында жарияланды.

Видео авторы оқиғаның еліміздегі спорт мектептерінің бірінде болғанын жазады. Жаттықтырушы балалардан бөлмеден шығуын талап еткен. Алайда намаз оқып тұрған шәкірттер оның сөзіне құлақ та аспайды. Ашуға мінген ұстаз балаларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, оларды желкелеп бөлмеден қуып шыққан.

Бұл туралы ZhambylNews-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков жауапты азаматтың жазаланатынын айтты.

«Желіде тараған видеоға байланысты екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланады» – деді Жүнісбеков.

Жаттықтыушы Алмат Баетов Сейтнасимұлы 1966 жылы туған. Ол жоғары санаттағы жаттықтырушы. Еңбек өтілі 33 жыл. 2011 жылдан бастап мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында жұмыс істейді.

Видеодан жаттықтырушының намаз оқып тұрған балаларды күштеп шығарып, жайнамазды тепкені байқалады. Оқиға Тараз қаласындағы “Атлетик” спорт кешенінде болды. Жаттықтырушының ісі педагогикалық этикаға сай болмағандықтан жұмысынан қуылды.

0 пікір
Мұрағат