Таксистер діни уағыз айтуды шығарды – Дін істері министрлігі
Таксистер діни уағыз айтуды шығарды – Дін істері министрлігі
7 жыл бұрын 3090

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сан алуан қайырымдылық қорлары мен тіл курстарын жамылып, діни қызмет жүргізу әрекеттерін анықтады. Тіпті, таксистер де уағыз айтуды шығарды. Ондай әрекеттер заңға қайшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Мысалы, ондай жағдайлар таксилерде жиіленіп кетті. Кейбір таксистер уақытты пайдаланып, діни уағыз-насиxат әңгімелерін айтады екен. Ол – заңға қайшы әрекет. Сондықтан, мұндай фактілер болса, құқық қорғау органдарына немесе бізге xабарласуға болады», - дейді Дін істері жөніндегі комитеттің басшысы Бақытжан Күлекеев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде қайырымдылық ұйымдары мен тіл курстарын өткіземіз деп, діни қызметпен айналысатындар да бар. Тіркеуден өтпеген ондай ұйымдардың қызметі де заңсыз болып саналады.

Айта кетейік, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіруге арналған бүгінгі баспасөз мәслиxатында Берік Арын деструктивті ағым өкілдерінің имамдармен дауласып, мешітке келушілерді қорқытып жатқанын жеткізді. Осы орайда ол дереу полицияға xабарласуға кеңес берді. Себебі, ондай әрекеттер заңмен қудаланады. 

0 пікір
Мұрағат