Соңғы жылдары әр миллионыншы тұрғын - қазақ
Соңғы жылдары әр миллионыншы тұрғын - қазақ
9 жыл бұрын 3578

Еліміздегі қазақтар саны әр бес-алты жыл сайын 1 млн-ға артып отырады екен. 2006 жылы елімізде 9 миллионыншы қазақ дүниеге келді. Қазақстандағы қазақтардың санын 9 миллионға толтырған Атырау облысындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген Әсем есімді қыз. 2013 жылы қазақтың демографиясында үлкен жаңалық болды. Осы жылы республиканың 17  миллионыншы тұрғыны жарық дүниенің есігін ашып, ол да Оңтүстік Қазақстан облысында, дәлірегі, Сайрам ауданында туылды. Бұл жайында «Жас алаш» республикалық басылым ақпарат таратты. Мұны неге айтып отырмыз? Көп ұлтты Қазақстанда дүниеге келген әрбір миллионыншы тұрғынның қазақ болғанына қарап, мұны жақсылыққа жорып отырмыз. Сол ақпарат көзінде жарық көрген мынадай қызықты мәліметті де алға тарқымыз келеді. Жыл басында Моңғолияның халқы 3 миллионға жетті. Мемлекеттің 3 миллионшы тұрғыны қазақ – Айжұлдыз Бекболатқызы. Бұл ақпаратты Баян-Өлгей аймағы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрболат Өнерханұлы фейсбук әлеуметтік желісі арқылы таратты. Бір қызығы, Моңғолияның 2 миллионыншы тұрғыны да қазақ екен. Саямандаах бұдан 27 жыл бұрын 11 шілдеде –  моңғолдардың ең ұлы мерекесі Тәуелсіздік күнінде дүниеге келген. 

0 пікір
Мұрағат