Шымкенттік жігіт анасына бауырының жартысын кесіп берді
Шымкенттік жігіт анасына бауырының жартысын кесіп берді
9 жыл бұрын 2703

Шымкентте екінші рет жасалған бауыр ауыстыру отасы оң нәтижесін берді. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі Отырар телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Түлкібас ауданының 53 жастағы тұрғынына баласы бауырының жартысын берген. Беларусьтық белгілі трансплантолог Олег Руммоның қатысуымен 11 сағатқа созылған операция 5 мамыр күні жасалды.

Алғаш рет бауыр алмастыру отасын жергілікті дәрігерлер өткен жылы бастады. Бұл — екіншісі. Жасалған операциядан соң қазір ананың да, бауырын берген баласының да жағдайы жақсы.

0 пікір
Мұрағат