Шымкентте тегін автобус – Рамазан айының құрметіне
|
Шымкент қаласында қасиетті Рамазан айының құрметіне тегін автобус жолаушыларға қызмет ете бастады. Нақтырақ айтқанда, шілденің 4-інен бастап, №69 маршрут жолаушыларды тегін тасымалдауға көшті. Имамдар жолаушыларға осы автобуста Рамазан айының қадыр-қасиеті мен мән-маңызы туралы әңгімелеп, сауалдарға жауап беретін болады.