Шортандыда қара сақина пайда болды
Шортандыда қара сақина пайда болды
9 жыл бұрын 5961

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 3-і күні Ақмола облысына қарасты Шортанды елді-мекенінің тұрғындары өзгеше құбылысқа куәл болды. Шортандының үстінен жұмбақ қара шеңбер бірнеше минут кетпей тұрып алған. Шортанды тұрғыны Роман Халилов оны камераға түсіріп, таспаға тартып алған екен. Содан соң YouTube-ге орналастырған.

Тура осындай жұмбақ құбылыс орталық Англияның Ройал-Лемингтон-Спа қаласының үстінен де байқалған болатын. Өткен жылдың сәуір айында. Бұл шеңбердің бірыңғайда темекі түтініне ұқсайтынын жазған болатын британдық бұқаралық ақпарат құралдары. Оны Джорджин Хип пен анасы камераға түсіріп алған еді сол кезде. Артынан YouTube-қа орналастырған. Сарапшылар бейнежазбаның ешқандай да монтаж емесін анықтаған болатын. Десе де, мұның не екенін түсіндіріп бере алмады.

0 пікір
Мұрағат