Шетелдіктер қазақтың ежелгі сусынына қолқа салды
Шетелдіктер қазақтың ежелгі сусынына қолқа салды
9 жыл бұрын 3883

Америкалық "The Telegraf" басылымы әлемдегі ең үздік шайдың бес түрін жариялады. Бұл жайында nur.kz сайты Алматы телеарнасына сіілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Бүгінде оның құрамында елімізде өсетін мия өсімдігі бар екені анықталып отыр. Ежелгі сусын өндіретін шет елдік кәсіпкерлер отандық шөпке қолқа салуда.
Шет елдік мамандар үздік шай өндіру үшін елімізге ат басын тірейтін болады. Өйткені мұндай сусынның құрамында Қазақстанда өсетін мия өсімдігі бар екен.
Тіпті, қазір бұл шөптің түрлі ауруды емдейтіні де анықталып отыр. Шай қасиетін зерттеумен соңғы 7 жыл көлемінде айналысып келген Мейір Соляник ежелгі сусынның 10 түрлі түсін ашқан. Сондай-ақ, ол шай көмегімен маскүнемдіктен құтылуға болатынын айтады.
Бүгінде елімізде шай өндіретін 11 компания бар. Алайда олар жыл сайын шетелден 2500 тонна аталған өнім шикізатын сатып алады.
"Үздік шайдың құрамында табылған шөп Қазақстанда өсетіні рас. Мәселен, ол таулы аймақтар мен жазық далада көптеп кездеседі. Бұл шөптің емдік қасиеті бар. Яғни, оны ішкендердің тыныс алуы оңайырақ болады", - деді шай шебері Мейір Солняк.
Бұдан былай оңтүстік астанада "шай ішу рәсімі" дәстүрге айналады. Осыдан алты ай бұрын алып шаһарда "Шай шеберінің үйі" деп аталатын жоба ашылған еді. Басты мақсат - ел мәдениетіне жаңа толықтырулар енгізу. Алдағы уақытта алматылықтар шәй рәсімін тамашалап, ежелгі сусынның ерекше қасиеттерімен танысатын болады. Осы ретте мамандар шеберлік сабағын да ұйымдастырмақ.
Енді, қазақтың қою қара шәйін тұрғындар, ерекше әдіспен дайындалған сусынның дәмін де татады.
"Біз түрлі шеберлік сабақтар мен шай ішу рәсімін өткізіп тұрамыз. Қазір бұл мәдени шараға қатысқысы келетіндердің қарасы көп. Бастысы жоба негізінде шайды дұрыс қайнату туралы ақпарат алады. Осы ретте қала тұрғындары өз денсаулығын ретке де келтіреді,- деді "Шай шебері үйі" жобасының авторы Дмитрий Цехин.
Айта кетсек, әлемде шайды ең көп экспорттайтын ел қатарына Үндістан, Шри-Ланка, Индонезия, Қытай, Кения мемлекеттері кіреді.
Ал былтыр қазақстандықтар шай ішуден әлем бойынша үздік бес елдің қатарына енген болатын.Жерлестеріміз жыл сайын шамамен 3 миллиард литрге жуық шай ішіп, осы сусынның 22 миллион келісін демдейді екен.
Десе де, шай өндірудің Отаны - Қытай елі. Мұнда ежелгі сусынды ішу рәсімі 4-тен 7 сағатқа дейін созылады. Алдағы уақытта елімізде аталған рәсім дәстүрге айналуы ықтимал.

 

Қарағандылық шай компаниясы халықаралық байқауда алтын медаль еншіледі

Baq.kz аақпаарат ккөзінің хабарлауынша қазақстандық тауар өндірушілер Мәскеуде өткен «Продэкспо» халықаралық байқауында үздік атанды. Қарағандылық шай компаниясы «Үздік тауар- 2015» аталымы бойынша алтын медаль еншіледі.
Ернар Әшірбаев – шай дегустаторы. 2 жыл Үндістан мен Кенияның білікті мамандарынан тәлім алған. Қарағандылық шай компаниясы шикізатты осы екі елден сатып алады. «Елімізде қою күрең шайға сұраныс жоғары болғандықтан, тапсырыс бергенде бұл ерекшеліктер ескеріледі», - дейді компания дегустаторы.
Ернар Әшірбеков, шай дегустаторы - Басты міндетім – Үндістан, Кения мен Цейлоннан жеткізілетін сапалы шикізатты сұрыптау. Шайды сұрыптау барысында оның иісі мен түсіне және шығымына мән беру қажет. Бүгінде қарағандылық шай компаниясы 5 түрлі өнім шығарады. Оның қораптарын да өздері дайындайды. Қазір компания өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Шай бизнесі аса мұқияттылықты талап етеді, сол себепті шикізатқа тапсырыс беруден бастап оны қабылдап алғанға дейін үлкен жауапкершілік қажет», - дейді компания басшысы.
Елтай Хасенов, «Unitea» шай компаниясының директоры - Шай өндірісі оңай емес, өйткені белгілі талаптары бар. Біз Кенияға тапсырыс бергенде өзіміздің талаптарымызды қоямыз. Мысалы шайдың түрі осындай болуы керек, шығымы мен дәмі осындай болуы керек деген талаптар қоямыз. Одан кейін олар бізге нұсқаулар жібереді. Ал біз оны анықтап, сатып алып, қораптаймыз. Компания айына 150 мың келі өнім шығарады. Қарағандылық тауар Қазақстанның 7 облысы мен Ресейдің елімізбен шекаралас қалаларына жөнелтіледі. Қазір мұнда 50 адам еңбек етеді. Компания алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл бағытта қоймалар кеңейтіліп, жаңа жабдықтар сатып алынбақ.

0 пікір
Мұрағат