Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналды
Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналды
7 жыл бұрын 3215 7kun.kz syrboyi.kz Мөлдір Иманмәди

Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналды. 2016 жылы оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 18 пайызда асты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, шағын бизнестің мемлекет экономикасына салымы артып келеді. Оның Қазақстанның ЖІӨ үлесі 18,3 пайызды құрады.

Бұл 2015 жылдағы деңгейден (20%) төмен. Дегенмен соңғы 5 жылда шағын сектордың ұлттық экономикаға әсері 6,1 пайызға артқан.

Шағын кәсіпкерліктің қаржылай нәтижесі де көбейген. 2016 жылы шағын кәсіпорындардың жалпы түсім бойынша табыс үлесі 36 пайызды көрсетті. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болған.

Орта және ірі бизнестен қарағанда шағын бизнестің табысы тез артып келеді. Бір жылда оның түсімі 6,6 трлн теңгеге (43%) артты. Ал ірі және орта бизнестегі түсім тек 3,5 трлн теңгені (10%) құраған.

Алайда іскерлік белсенділікті арттыруға қосымша инвестиция қажет. Ал шағын кәсіп иелерінің несие ресурстары жеткіліксіз. Банктік қарыз түріндегі қызметтер шағын кәсіпкерлердің көпшілігіне қолжетімді емес. Себебі кепілсіз несиенің жылдық мөлшерлемесі 10-50 пайыз аралығында.

Сонымен қатар, банктен кредит алу кезінде қарыз алушы қосымша комиссия ретіндегі қаржы төлеуге міндетті.

  • Кредит алуға өтінішті қарау үшін ҚР ЕДБ комиссия көлемі 5 пайыз.
  • Несие беруді ұйымдастыруға қарыз көлеміне қарай қосымша 1,3 пайыздан 50 пайызға дейін қаржы төлеу керек.
  • Қаражат кредиттік шотқа түскеннен кейінгі комиссия мөлшері 10 пайызға дейін болады. Орташа деңгейі соманың 1 пайызы.
  • Қызмет көрсеті құны орташа 0,5 пайыз болады (омиссия деңгейі 20 пайызға дейін жетуі мүмкін).
0 пікір
Мұрағат