Сәтбаевта гемодиализ орталығы ашылады
Сәтбаевта гемодиализ орталығы ашылады
12 күн бұрын 190

Сәтбаев қаласында МЖӘ аясында гемодиализ орталығы ашылады. Ол Орталық қалалық аурухананың аумағында орналасады және 30 науқасқа есептелген. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Диализ - бұл бүйректер қанның жиналып қалған қалдықтарын толық шығарудан бас тартқанда, өзіне бүйрекердің міндетін алатын емшара.

Емшара кезінде пациенттің қаны арнайы сүзгі арқылы өтеді, тазартылады және пациентке көктамыр арқылы кері құйылады. Әдетте, гемодиализге аптасына бірнеше рет бару керек. Әрбір процедура 2,5 сағаттан 4,5 сағатқа дейін созылады. Қазіргі күні гемодиализді қажет ететін Сәтбаев тұрғындарына Жезқазған және Қарағанды қалаларына баруларына тура келеді. Жаңа орталық пайда болған соң, бұл медициналық көмекті қалалық ауруханада алатын болады.

"Жобаның бастамашысы – «NefroCare» ЖШС. Жеке инвесторға «нөлдік» жалдау мөлшерлемесімен үй-жай берілді. Диализ кабинетін жөндеуге және жайластыруға 16 миллион теңге, құрал - жабдықтарды сатып алуға-90 миллион теңге жұмсалды. Инвестицияның жалпы сомасы – 106 миллион теңге", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Тұякова. 

Қарағанды облысында 149 диализ аппараты жұмыс істейді, 500-ге жуық науқас ем алады. Сондай-ақ, 2020 жылы Топар, Осакаровка және Қарқаралы қалаларында тағы да 3 диализ орталығын ашу жоспарлануда.

Гемодиализге арналған аппараттар үш компоненттен тұрады: қан беруге арналған құрылғы, диализдейтін ерітінді мен диализаторды дайындауға және беруге арналған құрылғы. Диализатор-аппараттың негізгі бөлігі. Оның маңызды функционалдық элементі жартылай өткізбейтін мембрана болып табылады, ол целлюлоза негізінде табиғи материалдардан немесе синтетикалық материалдардан жасалады.

Науқастың артериясынан алынатын қан диализатор арқылы өткізіледі және жартылай өткізбейтін мембрананың бір жағына орналасады, өзінің электролиттік құрамы бойынша циркуляцияланатын қанға ұқсас ерітінді екінші жағынан жинақталады. Су және қан құрамындағы ағзаның тіршілік әрекетінің қажетсіз өнімдері мен уыттар осы мембрана арқылы сүзіледі. Ақуыздар, қанның нысанды элементтері, бактериялар және молекулалық салмағы 30000-нан астам заттар мембрана арқылы өтпейді. Тазартылған қан содан кейін науқастың ағзасына көктамыр арқылы оралады.

0 пікір
Мұрағат