Сарыағаштағы көкпар Гиннесс рекордын орнатты (видео)
Сарыағаштағы көкпар Гиннесс рекордын орнатты (видео)
2 жыл бұрын 2368

Сарыағаштықтар ұйымдастырған көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды, деп жазды “Егемен Қазақстан” газеті.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында наурыз айында бұрын-соңды болмаған көкпар тартылғаны есімізде. Көкпарға 12 мыңға жуық адам қатысқан еді. Шабандоздар санынан жер қайысқан сол көкпардың Гиннес рекордтар кітабына енетіні мәлім болды.

Оператор Ілияс Әуелбеков бәсекені ұшқан құстай биіктікке көтерілген квадрокоптерге байланған бейнекамера арқылы түсірді. YouTube порталынан бұл көкпарды қызықтағандардың саны 100 мыңға жуықтады.

“Ауыздығымен алысқан сәйгүліктердің дүбірі он шақырымнан естілді”, – дейді Ілияс.

Ірілі-ұсақты бағалы сыйлықтарды қоспағанда, Сарыағаштың бұл көкпарында төрт салымға – төрт жеңіл автомобиль тігілді.

 

4 пікір
Мұрағат