Сарапшы: Қазақстан бюрократияның кесірінен жылына 7 трлн теңге шығын көріп отыр
Сарапшы: Қазақстан бюрократияның кесірінен жылына 7 трлн теңге шығын көріп отыр
5 жыл бұрын 2738 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде бюроократияның кесірінен жылына шегетін шығыны жеті трлн теңгеге дейін жеткен. Бұл жайында CSI консалтингтік компания жетекшісі, экономист Олжас Құдайбергенов Стратегиялық бастама форумында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістер енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аясында бюрократияның ауқымы кемитін болады. "Қазақстанның басты проблемаларының бірі - елдің мемлекеттік басқару жүйесінде кездесетін бюрократия. Бұл бюрократиядан тек халық пен бизнес қана зардап шегіп отырған жоқ, сонымен қатар, шенеуніктердің өзі қиындық көріп отыр. Өйткені, шешімнің баяу қабылдайтынына байланысты мемлекеттік органдар жүзеге асырып отырған міндеттердің орындалуына кері әсерін тигізуде. Біздің есебімізше, елдің жалпы ішкі өнімі абсолюттік мәнде 5-7 трлн теңге артық болуы тиіс еді, бұл бюджеттік жобаларға бөлінген қаражаттың кешігуінен орын алып отырған кемшілік",- деді сөзін толықтырған ол. Осылай дей келе ол жыл басында немесе екінші тоқсанда қаржыландырылуы тиіс жобалар бюрократиялық процедурадан тек үшінші-төртінші тоқсанда ғана қаржыландырылады. Мұның өзі дер кезінде қаржыландырылмағанадықтан экономикаға жанама әсерін тигізбей тұрмайды. Сарапшы бұл бағытта шешім қабылдаудағы мемлекеттік органдардың құзыретін кеңейтуді құптап отыр. Осының кесірінен бюджетке өзгерту жиі енгізіліп жатады. 

0 пікір
Мұрағат