Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға іссапармен келді (ФОТО)
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға іссапармен келді (ФОТО)
9 жыл бұрын 3280

Бүгін Қазақстанға Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келді. Астана Халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов қарсы алды.  

Бұған дейін хабарланғандай, 16 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтеді. 

Сапар аясында екі мемлекет басшысының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген. 

Түркия президенті Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған нысандарының салтанатты түрде ашылуына қатысады, - деп хабарлайды Қазақпарат. 

null

Сонымен қатар, Түрік елінің бас мүфтиі Мехмет Гермез де Қазақстанға ат басын бұрды. Қонақтарды алғашқы болып ҚМДБ Астана қалалық филиалының ғимаратында Діни Басқарманың аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қарсы алды. Ертең бұл аталған қонақтар және ҚМДБ өкілдері жоғарыда айтқан мешіттің ашылуына барып қатысады.

0 пікір
Мұрағат