Рақымшылық аясында 1800-ге жуық адам түрмеден шығады – Бас прокуратура
Рақымшылық аясында 1800-ге жуық адам түрмеден шығады – Бас прокуратура
7 жыл бұрын 2668 Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Қазақстанда 30 мыңға жуық қылмыскерге рақымшылық жасалады. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоганн Меркель мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 

Атап өтсек, бүгiн Мәжіліс рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады.

«Бiз заң күшiне енген кезде, нақты қанша адамға рақымшылық жасалатынын қазiр айта алмаймыз. Бүгiнгi таңда Қазақстанда тергеу үшiн қамауға алынғандармен қоса, түрмеде отырған қылмыскерлердiң жалпы саны 36 мың адамды құрайды. Олардың шамамен 1800-i бостандыққа шығады. Дегенмен, қамаудан басқа жазаға кесiлгендер де бар. Олар - айыппұл салынғандар, шартты жазаға, қоғамдық жұмысқа тартылғандар, пробациядағы қылмыскерлер. Болжам бойынша, барлығы 30 мың адамға рақымшылық жасалады. Рақымшылық мерзiмi 6 айды құрайды», - дедi И.Меркель.

Ал Мәжiлiс депутаты Нұрлан Дулатбеков те рақымшылық тек изоляторда немесе түрмеде отырғандарға ғана жасалмайды дедi.

«Яғни, бұл түрмеде отырған 30 мың адамның барлығы босап кетедi деген сөз емес. Бұл сан шартты түрде айтылып отыр. Бұл сан әлi азаюы немесе көбеюi мүмкiн», - дедi Н.Дулатбеков.

Сондай-ақ, депутат биылғы рақымшылық тәуелсiздiк жылдарындағы тоғызыншысы екенiн айтты.

«Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында елiмiзде тоғыз рет рақымшылық жасалған. Биылғы жасалып отырған рақымшылықтың ерекшелiгi - ол Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына тұспа-тұс келуi. Қоғамда бiздiң азаматтарымыз қылмыс жасады, кiнәлi болып танылды, бiрақ үлкен мерекенiң алдында осындай рақымшылық жасалмақ. Рақымшылық жалпы түрде жасалады, нақты бiр фамилияларға, бiр адамдарға бағытталмайды. Нақты қандай қылмыстарға бағытталуы керек соны ендi талқылаймыз», - дедi Н.Дулатбеков.

Депутаттың айтуынша, бұл жерде рақымшылық «кәнiгi» қылмыскерлер, терроризм немесе тағы да басқа ауыр қылмыс жасағандарға емес, аса ауыр емес қылмыс жасағандарға, жасөспiрiмдерге, жүктi әйелдерге, тағы да басқа қоғамдық қаупi жоқ қылмыс жасағандарға бағытталуы мүмкiн.

Биыл алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді – Бас прокуратура
Елiмiзде алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоганн Меркель мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz. Атап өтсек, бүгiн Мәжіліс рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады. 

И.Меркельдiң айтуынша, осы жолғы рақымшылықтың бұған дейін өткен рақымшылықтардан айырмашылығы бар. Бұған дейін ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмай келсе, жаңа Қылмыстық кодексте бұған мүмкiндiк берiлген. Бұл жағдайда қылмыскерлер толық босатылмайды, тек олардың жазасы қысқартылады. Ауыр қылмыстар бойынша жаза 1/4-ке, аса ауыр қылмыстар бойынша 1/5-ке қысқарады.

«Дегенмен, рақымшылыққа тыйым салынған баптар да бар. Оларға адам өлiмi, террористiк және экстремистiк қылмыстар, қылмыстық топта жасалған рецидив, аса ауыр рецидив пен басқа да қоғамға қауiптi қылмыстар жатады. Яғни, әлеуметтiк қаупi жоқ адамдар ғана босатылады. Бiз келесi жылы ЭКСПО-2017 мен Алматыда шаралар өткiземiз. Егер бiз аса ауыр қылмыс жасағандарды босатсақ, бiзге ешкiм келмейдi, бұны да ескеру керек», – дедi И. Меркель.

Еске салсақ, бүгiн Мәжiлiс депутаты Нұрлан Дулатбеков осы жолғы рақымшылық тәуелсiздiк жылдарындағы тоғызыншысы екенiн айтқан болатын.

«Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында елiмiзде тоғыз рет рақымшылық жасалған. Биылғы рақымшылықтың ерекшелiгi – ол Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығымен тұспа-тұс келуi. Қоғамда бiздiң азаматтарымыз қылмыс жасады, кiнәлi болып танылды, бiрақ үлкен мерекенiң алдында осындай рақымшылық жасалмақ. Рақымшылық жалпы түрде жасалады, нақты бiр фамилияларға, бiр адамдарға бағытталмайды. Нақты қандай қылмыстарға бағытталуы керек соны ендi талқылаймыз», – дедi Н.Дулатбеков.

0 пікір
Мұрағат