Құнанбайдың мөрінің таңбасы табылды
Құнанбайдың мөрінің таңбасы табылды
2 жыл бұрын 1680

Семейде алғаш рет Абайдың әкесі Құнанбайдың мөрінің баспа таңбасы жұртшылықтың назарына ұсынылды. Бұл жайында «24.kz» телеарнасы хабар таратты. Мұражай мамандарының айтуынша, бұл жәдігер Омбы мұрағатындағы құжаттардың арасынан табылған. Баспа таңбада Құнанбай қажының аты-жөні тайға басылған таңбадай анық көрініп тұр. Биыл Құнанбай қажының туғанына 210 жыл толғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Оның мөрінің таңбасы Абай әдеби-мемориалдық мұражайдағы көрмеге қойылды. Сонымен қатар, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткері бола білген Құнанбай қажының өмірінен сыр шертетін фотосуреттері, кітаптары және құжаттары қойылған.

Маржан Мұхамедова, мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері:

– Құнанбай Өскенбаев 1849-1852 жылдар аралығында Қарқаралы округының аға сұлтаны болған. Сол жылдары осы мөрді пайдаланса керек. Кейбір құжаттарда ол кісі түсініктеме беріп, өзінің мөрін қояды. 

0 пікір