ҚР Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды
ҚР Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды
7 жыл бұрын 3156 inform.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

3) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының              Президенті                                                                     

Н. Назарбаев   Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 қазан                     

№ 559

0 пікір
Мұрағат