ҚР президентін ұлықтау рәсімі өтті
ҚР президентін ұлықтау рәсімі өтті
9 жыл бұрын 4570 inform.kz

Бүгін 29-сәуір күні Астанадағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» ҚР Президентін ұлықтау рәсімі болып өтті. Өздеріңіз білетіндей 97,7 пайыз дауыс жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы басты себепшісі болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Әбішұлына ел басқару туралы куәлігін табыс етті. Ант беру кезінде ҚР Конституциясына қолын қойып: «Қазақстан халқына адал қызмет жасауға ант етемін» деген Елбасының сөзін естіген халық, сенім арта отырып, жаңа басшымен болашақтың жарқын болатынына үміт артты.

«Біздің жоғары жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Сіздердің сенімдеріңіз әр  уақытта да мені қанаттандырады. Сенім мен күш сыйлайды. Қазір де барлық жауапкершілікпен бұған дейінгі жылдардағыдай халыққа адал қызмет етеіндігіміді, елді қорғайтындығымды, барлық біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартатындығымды атап өткім келеді. Біздің жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын», - деп ҚР Президенті халыққа серпін бергендей болды.

Сонымен қатар Елбасы 26 сәуірде өткен президенттік сайлау Қазақстан халқының ұйымшылдығын, ауызбіршілігін және болашаққа ұмтылысын паш еткендігін баса айтты.  «Біз - бір отбасымыз, бізде бір Отан бар, ол - Қазақстан Республикасы. Біздің әрқайсымыздың тағдырымыз - Қазақстанның тағдыры»,  - деді Ұлт көшбасшысы.

«Біздің қоғамның әртүрлілігі - біздің әлсіздігіміз емес, қуатымыз. Қазақстан азаматтарының барлығы құқық көлеміне теңдей иелік етуі тиіс, бір жауапкершілікті бірге еңсеруі қажет және тең мүмкіндіктерді пайдаланулары керек. Біздің қоғам тарихи жағдайларға байланысты көптеген тіл мен ұлтқа ие болып, одан да мықты әрі ынтымақты ел бола түсті. Бүгін бізді «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіреді. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, әділдік, ғылым мен білім берудің культі, толеранттылық, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық. Ол жай сөздер емес. Ата-бабамыздың айтқаны бар: «Егер бір жылға болжасаңыз - егін ек, егер жүз жылға жоспарласаңыз - тал ек, егер мәңгі жасаймыз десеңіз - адамды, жастарды тәрбиелеңіз». «Мәңгілік ел» құндылықтары әл-ауқатты болашағымызды қалыптастыруға бағытталған. Біз Қазақстанның болашағын нығайтып, бірлігін ұзақ ету үшін ортақ азаматтық сәйкестігімізді дамыта беруіміз керек», - деп атап өтті Елбасы. 

Аталған шараның соңында Елбасы сарайдың алдына шығып, әскери шеруді тамашалады. 

0 пікір
Мұрағат