«Ұранхай қажы» мешіті мейірім шуағын сыйлады (фото)
«Ұранхай қажы» мешіті мейірім шуағын сыйлады (фото)
7 жыл бұрын 3286 muftyat.kz Шығыс қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру мақсатында «Мейрім шуағын сыйла!» атты акциясын жариялады. Осы акция аясында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат елді-мекеніндегі «Ұранхай қажы» мешіті аудан орталығындағы «Оңалту орталығындағы» мүгедек балаларға қайырымдылық жәрдемін жасады. 

«Діни басқарманың басым бағыттарының бірі қайрымдылық шараларына аса назар аударып келеміз. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру басты парызымыз. Бұл қайырымдылық шарасы осы бағыттағы ұйымдастырып отырған жұмыстардың бір парасы. Біз алдағы уақытта да қайырымдылық жәрдемін жаймыз» дейді, «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов.

Мұнда осы орталықта жатқан оншақты мүмкіндігі шектеулі балаға әртүрлі сыйлықтар ұсынып, көңілдерін көтеріп, мейрім шуағын сыйлады.

Жасалған көмекке «Оңалту орталығының» басшылығы да риза болып, шараны ұйымдастырушы аудандық «Ұранхай қажы»мешіті ұжымына алғыс білдірді.

0 пікір
Мұрағат