Түркістан: Мұқтаж отбасыға бұзаулы сиыр берді
Түркістан: Мұқтаж отбасыға бұзаулы сиыр берді
4 жыл бұрын 1872 muftyat.kz Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Рамазан айының соңғы күндерінде берілген пітір садақасы есебінен қайырымдылық жаалды. Имамдар пітір садақадан жиналған қаражатты мұқтаждардың игілігіне жұмсады.

Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылдық мешітінде 455 мың теңге пітір садақасы жиналған. Оның 165 мың теңгесіне тізімде тұрған 15 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Ал мүмкіндігі шектеулі баласы бар әрі тұрмысы төмен бір отбасыға 290 мың теңгеге бұзаулы сиыр табысталды.

Мешіт имамы Әлібек Өмірзақовтың айтуынша, бір реттік көмекке қарағанда мал басы ретінде берілген сыйлық ерекше ұнапты.

 

0 пікір
Мұрағат