Тұңғыш рет республикалық имамдар форумы өтеді
Тұңғыш рет республикалық имамдар форумы өтеді
9 жыл бұрын 3040 muftyat.kz

Астанада 19-ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізетін республикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысады.

Аталмыш шара барысында еліміздің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атап айтқанда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды танымал тұлғалар қатысып, баяндама жасайды.

Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланады. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданады деп күтілуде.

0 пікір
Мұрағат