Тарбағатайда медресе құрылысы басталды
Тарбағатайда медресе құрылысы басталды
4 жыл бұрын 2292 muftyat.kz Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында медресе құрылысы басталды. Бұл туралы Ақжар ауылындағы «Байжігіт баба» мешітінің Бас имамы Аманкелді Жарасов хабарлады.

«Өңірдегі дін маманы тапшылығын шешу мақсатында шағын медресе құрылысын бастадық. Бұл іске ауыл халқы мен белсенді азаматтар атсалысып жатыр. Тарбағатай жері бұрыннан ата дініміздің алтын арқауы үзілмеген өлке болғандықтан асыл дініміздің оқу орны болуы маңызды. Алла қаласа жұмыс жоспарланған уақытта аяқталады» деді Аманкелді Жарасов.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат