Шығыста бірнеше қоғамдық тамақтандыру орны халал сертификатына ие болды
Шығыста бірнеше қоғамдық тамақтандыру орны халал сертификатына ие болды
4 жыл бұрын 2423 muftyat.kz Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Өскемен өңірінде кәсіпкерлерге «ҚМДБ Халал» сертификатын алудың маңызы барынша насихатталуда. Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде шығыста «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар саны өсе түсуде.

Бұл жолы «ҚМДБ Халал» сертификатын алған кәсіпорындар қатарына Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің асханасы және Риддер қалалық Д.Қонаев мешіті мен Күршім аудандық мешітінің асханалары халал сертификатына ие болды.

Өскемен өңірі бойынша халал бөлімінің өкілі Досжан Үмбет: «Халал сертификатына бірнеше мешіт жанындағы асханалар өтіп отыр. Халыққа халал қызмет көрсету мешіт асханаларынан басталуы тиіс. Халал өнімдерді тұтыну адамның денсаулығы үшін де маңызды. Алдағы уақытта халал қатарына өтетін тағы бірнеше кәсіпорын бар» деп атап өтті.  Ол сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

0 пікір
Мұрағат