Қостанай: Халал сертификаты табысталды
Қостанай: Халал сертификаты табысталды
4 жыл бұрын 1846 muftyat.kz Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі

Қостанай облыстық мешітінде ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы жамағат алдында сертификаттарды салтанатты түрде тапсырды. 

Ол қаламыздағы Beefstream қасапханасының төрт қасапшысы арнайы оқытылып, халал қасапшы куәліктеріне ие болды. Аталған құжатты алған тұлғалар әрдайым дастарханымызда болатын еттің адал болуына кепілдік береді.

Сонымен қатар аталған қасапхана AltynEt сауда белгісі арқылы ет сататын дүкен ашып, халық игілігі мақсатында жұмысын бастап кетті. Сондай-ақ, Arzu дәмханасы да алғаш рет халал сертификатын алды. Ерекше тоқталатын жай, дәмхана халал талаптарға толық сай келеді.

0 пікір
Мұрағат