ҚМДБ халал стандарт бойынша татарлармен бірлесіп жұмыс жасамақ
ҚМДБ халал стандарт бойынша татарлармен бірлесіп жұмыс жасамақ
9 жыл бұрын 4271

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 10-ы күні Татарстанның мүфтиі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының халал бөлімінің жетекшісі Бейбіт Мырзагелдімен кездесті. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Тараптар әлемдік халал индустрияның жай-күйін талқылап, осы тарапта ынтымақтасу әрі тәжірибе бөлісу мәселелерін қозғады. Айта кетерлігі, ҚМБД жуырда «Халал» белгісі бар өнімдерді бақылау әрі стандарттау үшін аталмыш бөлімді ашқан болатын. Бүгін, яғни, желтоқсан айының 12-і күні Бейбіт Мырзагелді татарлардың сертификаттау жүйесімен жете танысады. Қазақстан делегаттары осы сапар барысында шариғат талаптарына сай өнім өндіретін кәсіпорындардың жұмысын өз көзімен көреді.

0 пікір
Мұрағат