ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің VIII басқосуы өтуде
ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің VIII басқосуы өтуде
2 жыл бұрын 555

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің кезекті VIII отырысы басталды, - деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Басқосуға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Бас мүфти бастаған ҚМДБ қызметкерлері, Имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбаев, теолог-ғалымдар, ғылым докторлары – Шәмшидин Керім, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбай, Мұхан Исахан, белгілі дінтанушылар – Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Маңғыстау облысының бас имамы Смайыл Сейітбеков қатысуда.

Кездесуде «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жетілдіру, медреселерде оқытылатын діни әдебиеттерді сараптап, бір ізге түсіру, Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының жұмысын жандандыру, діни терминдерді жүйеге келтіру, құрамында этилдік спирті бар дәрі-дәрмектер мен заттарды тұтынудың үкімі секілді діни мәселелер мен пәтуаларды талқылау жоспарланған. 

0 пікір