Қазақстандағы алғашқы Исламдық қаржыландыру негізінде жылжымайтын мүлік лизингі мәмілесі жасалды
Қазақстандағы алғашқы Исламдық қаржыландыру негізінде жылжымайтын мүлік лизингі мәмілесі жасалды
6 жыл бұрын 3190 muftyat.kz

Алғашқы рет «Транстелеком» акционерлік қоғамы және «Аль Сакр Финанс» акционерлік қоғамы арасында Исламдық қаржыландыру негізінде жылжымайтын мүлік лизингі мәмілесін жасасты (Иджара).

Исламдық қаржы компаниниясы «Аль Сакр Финанс» АҚ алғашқы рет Қазақстандық «Транстелеком» АҚ компаниясымен Исламдық лизинг (Иджара) негізінде тұрғын емес үй-жайларға ие болу мәмілесін жасасты.  

Жалпы алғанда, 2017 жыл банктер мен көптеген қаржылық мекемелер үшін жеткілікті деңгейде үздік болды. Исламдық қаржыландыру аясында жаңа ойыншының пайда болуы нарықта үлкен қызығушылық тудырды. Себебі, онымен қатар қазақстандық бизнес-секторларды дамытудың жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері пайда болды.

АҚ «Аль Сакр Финанс»  дәстүрлі лизинг компаниясы, лизинг нарығында 17 жылдан астам тәжірибесі бар. Бір жыл бұрын компания әмбебап Исламдық қаржы ұйымы болып қайта құрылды. «Аль Сакр Финанс» АҚ-ң Шариғат Кеңесі ретінде Шариғаттық ақыл-кеңес беру саласының әлемдік көшбасшысы, 12 елде өкілдігі бар халықаралық компания Shariyah Review Bureau (Бахрейн) болып келеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Аль Сакр Финанс» АҚ RAEX (Эксперт РА Қазақстан) рейтинг агенттігінің ұсынған деректері бойынша Қазақстанның жетекші 5 лизингтік компаниялар қатарына енді.

Исламдық лизинг (Иджара) – сондай бір қаржы қызметінің түрі, онда  лизинг беруші активті уақытша иеленуге, белгілі бір төлемақыға ,белгілі бір шартпен клиентке береді.

Исламдық лизингтің басқа бантік қаржыландырудан басты артықшылықтары мынадай:

  • міндетті қосымша кепілдің болмауы;
  • шешім қабылдау жылдамдығы;
  • жеделдетілген өтемпұл қолдану мүмкіндігі;
  • лизинг төлемдерін жүзеге асыру жалға алынған затты нақты табыстағаннан кейін ғана басталады;
  • барлық айыппұлдар мен төлемақы өсімдері қайырымдылық қорларына өткізіледі.

Бүгінгі таңда отандық нарықта Исламдық лизинг бірнеше ұйыммен ғана ұсынылады.

2006 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының бастамасы бойынша, Қазақстан жерінде Исламдық қаржыландыруды дамытуды қолдау үшін мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысын бастады. Қазақстандағы жағдайлардың жақсаруына байланысты, «Аль Сакр Финанс» АҚ корпоративтік сараланымда Исламдық лизинг мәмілелерін жасай отырып, белсенді жұмыс атқара бастады. Оның қатарына «Транстелеком» АҚ-мен жасалған мәмілені айта кетсек болады.

«Аль Сакр Финанс» АҚ мен «Транстелеком» АҚ арасындағы мәміле Астана қаласындағы жылжымайтын мүлікті Исламдық лизинг негізінде беру болып табылады. Бұл мәміле 2017 жылдың желтоқсан айында жалпы алаңы 3000 кв.м. болатын 3 кеңселік үй-жайды 4 жылдық мерзімге өткізуге мүмкіндік берді.

Бизнесін кеңейте отырып, басқа да қаржы мекемелерінің ұсыныстарын ескере отырып, «Транстелеком» АҚ өз таңдауын Исламдық қаржыландыру пайдасына жасады.

«Транстелеком» АҚ 1999 жылы қолданыстағы теміржол байланыс жүйесін техникалық қолдау және жетілдіру үшін құрылған болатын. Қазіргі таңда кең ауқымды инфотелекоммуникациялық қызмет көрсету және ақпараттық техника шешімдерін ұсыну саласында маманданған инновациалық компания болып табылады.

Соңғы жылдарда «Транстелеком» АҚ көптеген бірегей жобаларды жүзеге асырып,  «Сандық Қазақстан» атты мемлекеттік жобаның іске асуына үлкен үлес қосты.  

2010 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы дейін Қазақстанда Исламдық банкингтің өңірлік орталығын құру  жайында  стратегиялық мақсат қойды.

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Халықаралық «Астана» қаржы орталығының (МФЦА) даму стратегиясының басты бағыттарының бірі – Исламдық қаржыландыру. Атап айтқанда, Исламдық банкинг пен банктік емес қаржы қызметтерін, Исламдық капитал нарығын дамыту. Бұл мәміле Исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ тұтастай алғанда отандық қаржы секторын дамытуға ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат