ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
7 жыл бұрын 2432 muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті жиналысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Уағыз-насихат және Баспасөз бөлімінің басшыларына облыстардағы имам-молдаларға шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, уағыз әдебі тақырыптары төңірегінде жүйелі түрде семинар-тренинг өткізуді тапсырды.

«Біз имамдарымызды күн сайын жан-жақты дамытып, жетілдіріп отыруымыз керек. Дін қызметкерінің уағыз айту тәсіліне, әдебіне мән беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, «500 зияткер имам» жобасын қолға алдық. Мұндағы негізгі мақсаттарымыздың бірі – имамдардың білімі мен тәжірибесін одан әрі дамытып, белсенді, үздік ағартушы дін қызметкерлерін республикалық игі іс-шараларға, жұмыстарға жұмылдыру», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы өзге де бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

0 пікір
Мұрағат