Мүфтият көшетін болды
Мүфтият көшетін болды
2 жыл бұрын 2018 inform.kz

2015 жылы елордамызда Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы ғимаратының құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы Ғалым Шойкин мәлiм етті.

Жуырда ғана қайта жасақталған Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы енді елорда төрінен қоныс тебетіндігін айтты.

«Иә, Алматы жылы аймақ, қолайлы табиғат аясында. Дегенмен, діни басқарманы ел орталығына көшіруіміз керек», – деді министр.

Ал Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин ҚМДБ-ның еліміздегі өзге діни бірлестіктермен қарым-қатынас жасауда тиімді бағыт ұстанып, жемісті еңбек етіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінен.

«Діни басқарманы Астанаға көшіру мәселесі шешілуі тиіс. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар ресімделуде. Ал келесі жылдың басынан ҚМДБ ғимараты салынады деп жоспарлап отырмыз», – деді Ғ.Шойкин.

1 пікір