Мешітте бетперде тігу цехі іске қосылды
Мешітте бетперде тігу цехі іске қосылды
4 жыл бұрын 1982 muftyat.kz ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінің өршуіне байланысты Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық бағытта медициналық бетперде тігу цехы іске қосылды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай дайын болған барлық бетперделер алдымен көпбалалы отбасыларға, мешіттерге, қоғамдық қажетті орындарға тегін таратылады.

Айта кетсек, цех жұмысына қалалық «Зекет» қоры қажетті материалдармен көмек берсе, қалалық «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторы тігінші шеберлермен қамтамасыз етуде.

0 пікір
Мұрағат