Мешіт демеушілігімен үмітсіз науқастың бүйрегіне ота жасалды (фото)
Мешіт демеушілігімен үмітсіз науқастың бүйрегіне ота жасалды (фото)
7 жыл бұрын 2422 muftyat.kz Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітінің ұйытқы болуымен үмітсіз науқас Ермекбаева Гүлзат деген азаматшаның Алматы қаласы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бір бүйрегіне ота жасалды.

Қажетті соманы таба алмағандықтан үмітсіздікке түскен Гүлзат қарындасымыздың бір бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтіп, қазіргі жағдайы бір қалыпты жақсы. Отаның жасалуына Қарағайлы мешітінің Бас имамы Көкірекбаев Ермек ат салысып, демеушілерді ұйымдастырумен бір жарым милион теңге қаржылай көмек жасалды.

Қорытынды диагнозы: Код №18.0 ХБП-V степени пролонгированная гемодиализом 31.04.2014 г. Хронический гломерулонефрит. Ренальная анемия легкой степени тяжести. Симптоматическая Артериальная гипертония ІІІ стадия. Риск IVст. АВФ справа в локтевой ямке. Персистирующийгепатит В выявлен 23.06.2014

0 пікір
Мұрағат