Марқұм Әбсаттар Сманов туралы кітап жарыққа шықты (ФОТО)
Марқұм Әбсаттар Сманов туралы кітап жарыққа шықты (ФОТО)
7 жыл бұрын 5420 muftyat.kz ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен жарыққа шыққан елімізге белгілі ғалым, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған марқұм Сманов Әбсаттар Шәкірұлының құрметіне жазылған «Ұстаз ұлағаты» атты естелік кітабының таныстырылымы өтті.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» директоры Нұржан Тұрсынбай, «Сарыағаш» медресе-колледжінің диекторы Абдуғаппар Сманов, «Шымкент» медресе-коллеждінің директоры Талғат Әсембай, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының өкілі Қалиолла Маджанов, «Достық» туристік фирмасының директоры Асхат Мауленов және т.б. азаматтар қатысты.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ұсынысы бойынша кітапты құрастырған облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қаламынан туындады.

Кітап Бас мүфти хазіреттің алғы сөзімен басталып, ғалымның өмірбаяны, естелік сөздері қамтылған. Мұнымен қатар, Ә.Шәкірұлының түрлі жиындарда айтқан ғибратты сөздері және жарыққа шыққан мақалалары енгізілген. Кітап барша оқырман қауымға арналады.

Шара соңында барша қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, қасиеті Құран тіләуат етілді. 

0 пікір
Мұрағат