«Харакет» қоры көп балалы анаға баспана сыйлады (ФОТО)
«Харакет» қоры көп балалы анаға баспана сыйлады (ФОТО)
6 жыл бұрын 4061 muftyat.kz «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған 4 баланың анасы Каканова Венераны «Харекет» қайырымдылық қоры шаттыққа бөледі. Қарапайым намазхан, діндар кісілердің мұрындық етуімен құрылған  «Харакет» қайырымдылық қоры “1000 теңгеге баспана” акциясымен Павлодар қаласы маңындағы Красноармейка аулынан оған баспана сыйлады.

Қордың құрылғанына алты ай болса да еліміз бойынша бесінші үйдің кілтін табыстап отыр. Атшаптырым ауласы бар, әрі кең де жайлы үйдің кілтін  мұқтаж отбасыға  белгілі әнші, аталмыш қордың мүшесі Мақсат Базарбаев табыстады. 

«Неше күнгі іздестіру, саралау нәтижесінде (жергілікті имамдар мен әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен) осы отбасына тоқтадық. Енді бұл баспана  жалғызбасты ана Венераның  балаларын дұрыс тәрбиелеп өсіруіне мүмкіндігін туғызады, баспана берекесін берсін» - дейді аталмыш қордың жетекшісі Алғадай Әбілқазыұлы. 

Игі шарада  ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкіл имам Жолдас Қоспақұлы  сөз алып, Каканова Венераны баспана болуымен құттықтап, батасын беріп,  Харекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлына шексіз алғысын білдірді.

Алдағы уақытта, “Харекет” Қайырымдылық қоры тағы басқа баспанаға мұқтаждарға көмектесіп тұрады. Ол үшін қайырымды жандар бірге жұмылып, ат салысулары керек. Қорға елге танымал «Өнер қырандары» театрының ұжымы  үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

Игі шарада атсалысқан иманды, қайырымды жандарға Алла Тағала разы болып, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!

0 пікір
Мұрағат