Елордалық алты жасар Нұртілеу Құранды жатқа оқудан миллион теңге жеңіп алды
Елордалық алты жасар Нұртілеу Құранды жатқа оқудан миллион теңге жеңіп алды
5 жыл бұрын 2190

Құранды оқу, жатқа оқу сайысына 6-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысты. "Құранның 10 парасын жатқа айту" номинациясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұртілеу Серікұлы 1 миллион теңгені жеңіп алды. Бұл туралы muftyat.kz сайтына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Қазақстанда сегізінші рет өткен сайыстың жеңімпаздары Алматы қаласында марапатталды.

"Құранның 10 парасын жатқа айту" номинациясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұртілеу Серікұлы 1 миллион теңгені жеңіп алды. 18 жастағы Ақмал Дауранбекұлы 750 мың теңгені, 11 жастағы  Омар Бауыржанұлы 500 мың теңгені жеңіп алды.

Республикалық сайысқа қатысқан Құран оқушылары Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сөздерін қабыл алды. 

"Бүгін қазақ халқының рухани өміріндегі айрықша күн. Біздің тәуелсіз елімізде Қасиетті Құранды мәнерлеп оқу және жатқа оқу сайысы сегізінші рет өтті. Әлбетте, Аллах Тағаланың ең үлкен мейірімі ретінде барша адамзатқа берілген Құранға құрмет көрсету — қасиетті парызымыз. Барлығыңызды жан-жүрегіммен осы қуанышты шарамен құттықтаймын және өмірлеріңізді Құранмен нұрландыруға, біздің қариларға қолдау көрсетуге шақырамын. Сондай-ақ, осындай ауқымды, қажетті шараны өткізуге белсенді түрде атсалысқаны үшін барлық діни қызметкерлерге, азаматтарға, жергілкті билікке және басқа да мекемелерге алғыс айтамын", — деді Бас мүфти. 

Сайыста рухани әндер, термелер айтылды. "Өнер қырандары" Құранның отбасы өміріндегі рөлі мен мағынасын түсіндіретін қойылым қойды. 

0 пікір
Мұрағат