Бас мүфтидің тәуелсіздік күнімен құттықтауы (видео)!
Бас мүфтидің тәуелсіздік күнімен құттықтауы (видео)!
9 жыл бұрын 4000

АЛЛАНЫҢ ҰЛЫ СЫЙЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді отандастар!

Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, халқымыздың қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын және осы күнге аман-есен жеткізген Алла Тағалаға  сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Құдайға шүкір, мейман дос, кеңпейіл халқымызды игілікке бастаған Елбасы ұлттар мен ұлыстарды, әлем жұртшылығын діни татулық пен бірлікке үндеп келеді. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, көп ұлтты, көп дінді еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға атсалысу,  Отанға адал қызмет етіп, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жолындағы игі істерге барынша қолдау көрсету – баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Тәуелсіздік – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы, баға жетпес байлығымыз. Жаратушы Иеміздің ұлы нығметіне шүкір етіп, тәуелсіздікті сәт сайын қорғау, қастерлеп-аялау – еліміздегі әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Кезінде құлауға шақ қалған рухани құндылықтарымызбен егемендігімізді алып, еңсені тіктеген Тәуелсіздік жылдары қайта қауыштық. Дербес елдігіміздің арқасында дініміз еркіндік алды.

Ендігі жерде, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен дінаралық ке­лісімнің қалыптасуы және еліміздің хал­қының береке-бірлігін арттыру жолындағы жұмыстарға қолдау көрсету азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға ізгілік тілеймін.

Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік еткей. Мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгілік болғай! Әмин!

0 пікір
Мұрағат