«Balmuzz» және «Natige» халал сертификатын алды
«Balmuzz» және «Natige» халал сертификатын алды
15 күн бұрын 278 muftyat.kz

Бүгінгі таңда сүт өнімдері халал сертификаттаудан өтуді қажет ететін сала. Өйткені табиғи сүт өндірушілер саны кемде-кем. Қарағанды облысында орналасқан «Нәтиже сүт фабрикасы» сүт өнімдерінің таза сүттен дайындалатынын, табиғи екендігін растады. «Нәтиже сүт фабрикасына» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан халал сертификатын табыстады.

«Нәтиже сүт фабрикасы» 1999 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 216 қызметкер жұмыс істейді. Кәсіпорынның Көкшетау қаласында екі зауыты орналасқан. Сондай-ақ, Жезқазған, Екібастұз және Нұр-Сұлтан қалаларында зауыттың сауда бөлімшелері жұмыс істейді.

Қарағанды облысында орналасқан басты зауыттың жалпы аумағы 2740 шаршы метрді алып жатыр. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 86 тонналы өндірісті құрайды. Тәулігіне 50-55 тонна шикізатты өңдеп, 45-50 тонна дайын өнімдерді шығарады. Зауыт сүт түрлерінің 2,5-3,2%-ды сүт, айран, түрік айраны, йогурт, сары май, сүзбелі өнімдер, балмұздақ өнімдерін өндіреді. Көкшетау қаласында орналасқан Нәтиже сүт фабрикасы тәулігіне 5-6 тонна сүт және 0,5 тонна ірімшік өнімдерін шығарады.

Бір айға созылған тексеріс жұмыстары барысында сүт өнімдерінің құрамы, кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығы тексерілді. Өндіріс басқарушысы, мастер-технолог пен зертхана мамандарына халал мен харам жөнінде оқыту семинар-тренингі өткізілді.

 

0 пікір
Мұрағат