Балалар Бас мүфтидің қолынан сыйлық алды (ФОТО)
2 жыл бұрын 956

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ұйытқы болуымен "Балаларды қорғау күні" мерекесіне орай Алматы қаласы Түрксіб аудандық Фирали Ферғанұлы мешітінде мерекелік қайырымдылық іс шара өткізілді. Балаларға базарлық ретінде 50-ге жуық велосипед сыйға тартылды.

Сонымен қатар, балалар үшін балмұздақ, тәтті шырындар мен дәмді дастархан жайылды. Осылайша тұрмысы төмен отбасылардың балалары мешіт қамқорлығымен өздері армандаған темір тұлпарларына қол жеткізіп қана қоймай, оны Бас мүфтидің қолынан алды.

muftyat.kz

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Біз аспаны ашық, бейбіт елміз. Бейбіт елдің балалары бақытты болуға тиіс!».

Мешітке көп рахмет. Мен енді осы велосипедке мініп мешітке келіп тұрамын!

Мен осы мешітте Құран жаттап жүрмін. Осындай велосипедім болса екен дейтінмін. Мешіттегі ағаларға көп көп рахмет. Менің енді өз велосипедім бар!

0 пікір