Алматы қаласында мерейлі Мәуліт өтті (ФОТО)
Алматы қаласында мерейлі Мәуліт өтті (ФОТО)
2 жыл бұрын 1021

1-ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде республикалық Мәуліт мерекесі өтті.

Рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталды. Алғашқы сөзді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы алып, барша мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе Мәулітті атап өтудің маңыздылығын толғанысқа толы оймен жеткізді.

Бас мүфти рухани кеште: «Барша мұсылман жұрағаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туылған күніне орай əр жылдың рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағымызға үлгі ете білу»,-деді.

Рухани кеште елге танымал әншілер ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтылып, бейнероликтер халық назарына ұсынылды. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды.

Кеш соңында мұқтаж жандарға билеттен түскен қаржы есебінен қайырымдылық көмек көрсетілді.

muftyat.kz

0 пікір