Алматы-Өскемен тас жолында намазхана ашылды (фото)
Алматы-Өскемен тас жолында намазхана ашылды (фото)
1 ай бұрын 238 taglym.kz

Алматы-Өскемен тас жолы бойындағы Алакөл ауданына қарасты Шеп бекеті орналасқан айналма жолдың жанында намазхана ашылды.

Жол бойында намазхана болса деген көп жолаушылардың өтініші еді, сондай-ақ, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының арнайы тапсырмасы негізінде "Салихалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасабек Қасым мырзаға арнайы жолаушыларға арналған намазхана қойып беруін сұрап, өтініш білдірілген болатын. Осы мақсатта Қасым Қасабеков арнайы келіп, намазхананы ашып берді.

Енді жолаушылар қыстың суығында жылы, жаздың ыстығында салқын жерде намаздарын алаңсыз оқитын болады. Өйткені бұл намазхананың іші-сырты арнайы қысқы суыққа қарсы қапталып жасалған.

0 пікір
Мұрағат