61 191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды (ФОТО)
61 191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды (ФОТО)
6 жыл бұрын 2694 muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін қызметкерлері Құрбан айт күндері (21-23 тамыз, 2018 жыл) еліміз бойынша 61 191 отбасына 439 тонна 950 келіге жуық құрбандық еті таратылды.

Мешіт тарапынан таратылған құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көп  балалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы Құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

0 пікір
Мұрағат