Қазақтар арасында қасқыр асырау сәнге айналды

2 жыл бұрын 3256 nur.kz

Бұрындары тек аңшылар мен бірен-сараң малшылар қасқыр асырайтын. Бүгінде қала тұрғындары да ыңғайы келсе, ауласында қасқыр ұстағанды жақсы көретін сияқты.

Күн санап жабайы әрі қауіпті аңды қала сыртында ертіп жүретіндерді жиі кездестіруге болады. Олардың дені құртқа асырайды екен. Құртқа - ұрғашы қасқыр.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Қасқыр асыраудағы мақсатын білмек үшін журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың үйіне NUR.KZ тілшісі барып қайтқан еді.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Нұрсейіт Жылқышыбай бала кезінен текті төбетке, асыл тұқымды жылқыларға әуестеніп ауылда өскен. Сол бала кезінде-ақ құртқа асырап, оны төбетпен шағылыстырып, әскери ит алуды армандаған. Өткен жазда Қазақстанның шығысынан осы қасқырдың бөлтірігін алған. 8 айлық бөлтірігінің атын Құртқа қойыпты.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Нұрсейіт Құртқасы күніне 4-5 келідей ет жейтінін айтады. Таза мал етін сатып алмаса да, күнделікті қасаптардан арзан ет алуды әдетке айналдырған.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Күнде болмаса да, Нұрсейіт қолы қалт еткенде, дала аңын серуендетіп тұрады.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Нұрсейіт Құртқасының әр айдағы өскен өзгерісін суретке түсіріп отыруды алғаш алып келген күннен бастап әдетке айналдырған.

Қасқыр бөлтірігі мына жерде бір айлық.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)
Қала берді Нұрсейіт қасқыр асырауға қызыққан достарына да бөлтірік сыйлайды екен.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Бұған дейін Ерементауда тұратын атақты аңшы Жылқыбай ағамыз жайлы да журналистер көп жазған еді. Аңшы өз үйінде қолға үйретілген бірнеше қасқыр ұстайды.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Бұл суреттер Жылқыбай ағамыздың үйінде болған журналистердің еңбегі.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)
Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Бұған дейін ауласында қасқыр ұстайтын Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыхановтың үйінен де біздің сайт фоторепортаж дайындаған еді.  Ол төрт жасқа толған қасқырын бөлтірік кезінен асырап алған. Атын "Агуша" қойыпты.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Құртқамен қатар асыл тұқымды екі төбетті асырап отыр.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)
Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)
Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Нұрсейіттің үйінде екіден енді асқан кішкентай баласы бар. "Бөлтірік" киносындағы қайғылы жағдай оны тіпті алаңдатпайды. Себебі, Құртқасына сенімді.

Одан бөлек қасқырды әбден зерттеп, содан кейін ғана асырауға бел байлаған.

Қазақстандықтар арасында үйінде қасқыр асырау сәнге айналды (фото)

Оның сөзінше, ұрғашы қасқыр ешқашан иесіне, адамға қастаңдық жасамайды.

1 пікір