Қазақстанның сыртқы қарызы 7 ай қатарынан тоқтаусыз өсіп келеді
|
Қазақстанның сыртқы қарызы 2017 жылдың шілде айының 1-і күнгі мәліметі бойынша 167,8903 миллиард долларға жеткен. Бұл деректі ҚР Ұлттық Банкі келтіріп отыр. Осы қаражаттағы мемлекетік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 13,9576 миллиард долларды құрайды. Яғни, еліміздің сыртқы қарызының 8,3 пайызы. Осы соманың мемлекеттің сыртқы қарызы - 13,241 миллиард доллар. Бір айта кетерлігі, 2017 жылдың сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз біршама кеміген. Аталған уақытта бұл қарыз көрсеткіші 14,1139 миллиард доллар болатын. Ал 2017 жылдың қаңтар айының 1-і күнгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 163,715 миллиард доллар болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)